![]() |
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны __________________________________ |
Пресс-релиз «Жастар» Сарайында Жеңіс күніне арналған «О героях былых времен» атты мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарламада кеңестік және қазақстандық композиторлардың соғыс жылдарындағы әндері шырқалады.
40-шы жылдардағы музыкалық шығармалар — сол кездегі лирикалық шежіренің бір түрі. Олар халық тарихының барлық кезеңдерін, олардың азаптарын, көптен күткен 9 мамырдағы жалпы қуанышын көрсетеді. Соғыс жылдарындағы әннің рөлі өте жоғары болды. Бұл шығармалар майданда және тылда болып жатқан жағдайлар туралы жеткізді, сарбаздардың жүректерін жылытып, ерлікке шақырды.
Іс-шара бағдарламасында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртістерінің орындауында ондаған вокалдық нөмірлер бар (көркемдік жетекші Ержан Исин, бас дирижер Әліби Әбдінұров, дирижер Қасым Айтбаев). Солистер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сергей Солодовников, Жан Тапин, Құрмаш Махан, Альбина Оганесян. Сондай-ақ, сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Ким, Марат Нығматов, Дәурен Төлеубаев, Бибарыс Әліш, Ақбота Мұрат өнер көрсетеді.
Концерт 11 мамырда сағат 19:00-де Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекен-жайында орналасқан «Жастар» Сарайында өтеді. Кіру тегін. Сіздерді күтеміз!
Аталған іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдерін шақырамыз.
Байланысушы тұлға: Байгазинова Анар – «Жастар» Сарайы» МКҚК баспасөз-хатшысы Байланыс телефоны: +7 747 888 26 81