«Жастар» сарайы — елорданың оң жағалауының дәл ортасында ыңғайлы орналасуына (үлкен автотұрақ) байланысты, өзінің сыйымдылығы мен кәсіби командасының арқасында бұқаралық іс- шараларды өткізуге арналған тамаша орын. Концерттер, шоу-бағдарламалар, көрмелер, конференциялар, спектакльдер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін 940 орындық киноконцерт залын, ауданы 2000 шаршы метрлік фойені, бассейн мен спортзалды пайдалануға болады.
«Жастар» сарайының ұжымы — жоғары деңгейде және қысқа мерзімде кез келген көлемдегі іс-шараны ұйымдастыруға немесе оны ұйымдастыру бойынша жұмыстың бір бөлігін өздері орындауға қабілетті, іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар кәсіпқойлар командасы. Көшпелі іс-шараны интерактивті сахнамен және барлық қажетті жабдықтармен ұйымдастыруға тапсырыс беру мүмкіндіктері бар.