Skip to main content

«Жастар» сарайы туралы»

Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны елордамыздың көне архитектуралық құрылымдарының бірі болып саналады. Ол әлі күнге дейін өзінің үйреншікті дәстүрін сақтап келеді: қаламыздың жастарын тәрбиелеу және оларды дамытуға қатысты мәдени демалысты ұйымдастыру, білім беру секілді міндеттерін қалтқысыз орындауда.

«Жастар» Сарайын» басқа мәдениет нысандарынан ерекшелендіретін басты сипат – оның сәулеттік шешімі. Мәдениет, өнер, және спорт бағыттарын бір ғимаратта үйлесімді біріктіруі.

«Жастар» Сарайының» концерттік залы – ірі іс-шаралар, концерттік бағдарламалар мен шығармашылық жобалар өтетін маңызды сахна ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, спорт кешенінде бассейн, спорт залдар мен секциялар өз жұмысын атқаруда, балалар мен ересектерге арналған жаттығулар үнемі ұйымдастырылады. Осы үйлесім – «Жастар» Сарайын» өнер мен спортты қатар дамытатын, елорданың мәдени және қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар бірегей кеңістікке айналдырады.

Қазіргі таңда «Жастар» Сарайында» түрлі бағыттағы, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істеуде. Барлық қызметкерлер саны – 353, оның ішінде – «Астана» эстрада симфониялық оркестрінде – 79; «Терра» би театрында – 25; «Go symphony» оркестрінде – 90.

«Жастар» Сарайы» күн сайын 2000-нан астам адамды қабылдап отырады. Бұл шығармашылық, спорт және жастардың дамуы үшін қолайлы заманауи кеңістік, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар бұқаралық іс-шараларды өткізетін орталық.