Концерттік зал
«Жастар» сарайының концерт залы – 821 орынға арналған кең әрі заманауи зал. Зал кез келген форматтағы және деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін заманауи дыбыс және жарық жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ үш LED экраны орнатылған.
Сахнаның техникалық сипаттамасы:
- жалпы ауданы – 244,6 шаршы метр, ені – 20 метр, тереңдігі (рампадан бастап) – 10 метр, биіктігі – 8 метр;
- жылжымалы перде;
- декорациялық көтергіштер;
- порталдық кулисалар;
- сахна жабындысы – балет линолеумы.