«Жастар» сарайы — елорданың оң жағалауының дәл ортасында ыңғайлы орналасуына байланысты, өзінің сыйымдылығы мен кәсіби командасының арқасында бұқаралық іс- шараларды өткізуге арналған тамаша орын. Концерттер, шоу-бағдарламалар, көрмелер, конференциялар, спектакльдер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін 821 орындық киноконцерт залын, ауданы 2000 шаршы метрлік фойені, бассейн мен спортзалды пайдалануға болады.