Skip to main content

Балалар үйірмелері

  • «PRIMA-VERA» МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ

    Жетекшісі:

    Радеш Ольга Мирославовна

    «Prima-Vera Models» модельдік агенттігі 2005 жылы құрылған. 20 жыл ішінде модельдік мектептен мыңдаған қыздар, ұлдар және балалар білім алып шықты.

    Олардың көпшілігі бүгінде халықаралық сән көрсетілімдеріне қатысып, әлемдік сұлулық байқауларында бақтарын сынап жүр.

    Агенттік модельдері елордадағы ең маңызды іс-шаралар: саммиттерге, форумдарға, көрмелерге, сән көрсетілімдеріне және жарнамалық түсірілімдерге тұрақты түрде қатысады.

    Модельдік агенттік халықаралық көрмелерге қатысып, Қазақстанның атынан Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай), Ресей Федерациясында, Беларусьте және Түрікменстанда өнер көрсетті.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, бейсенбі, жексенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Радеш Ольга Мирославовна

    +7 705 291 51 09

    Insta:prima-vera-models

    Радеш Ольга Мирославовна

  • «РОВЕСНИК» ЭСТРАДАЛЫҚ БИ ХАЛЫҚ АНСАМБЛІ

    Жетекшісі:

    Скнарина Татьяна Николаевна

    «Ровесник» эстрадалық би ансамблі – 80 жылдық тарихы терең, өзіндік дәстүрі қалыптасқан шығармашылық ұжым. Көп жылдар бойы ансамбль хореографияға, сахна өнеріне және шығармашылыққа қызығушылық танытатын балалар мен жасөспірімдерді біріктіріп келеді. Ұжымдағы сабақтар балалардың музыкалық қабілетін, икемділігін, сахналық шеберлігін, дене төзімділігін, тәртібі мен өзіне деген сенімін дамытуға ықпал етеді.

    «Ровесник» ансамблі – қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың, фестивальдердің, концерттер мен мәдени іс-шаралардың тұрақты қатысушысы. Ұжым түрлі хореографиялық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлдегер атанып, лауреат және дипломант дәрежелеріне ие болып келеді. Ансамбль өз ұжымының және қаланың намысын лайықты қорғап жүр.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, бейсенбі, жексенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Скнарина Татьяна Николаевна

    +7 701 528 76 22

    Insta:rovesnik_astana

    Скнарина Татьяна Николаевна

  • «ВРЕМЯ» БИ ТЕАТРЫ

    Жетекшісі:

    Маслиенко Елена Викторовна

    2016 жылы «Время» би театры құрылды. «Время» би театры – биге және балаларға деген үлкен сүйіспеншіліктен құрылған. Ұжымның негізгі бағыттары – заманауи және эстрадалық би. Сабақ барысында балалар би өнерінің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, күшін, икемділігін, үйлесімді қимылдау қабілетін, сахналық шеберлігі мен өзіне деген сенімін дамытады.

    10 жыл ішінде ұжым Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Грузия, Түркия және басқа да елдерде өткен көптеген байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, лауреат атанды. Осы сапарлар мен сахналық сындар арқылы балалар баға жетпес тәжірибе жинақтап, ең бастысы – өнермен бірге өсті. «Время» би театры 10 жылда мыңдаған дайындық, жүздеген сахналық қойылым, жеңістер мен толғаныстар, қуаныш пен сүйікті іске деген шынайы махаббаттың арқасында үлкен белестерді бағындыруда.

    Жұмыс кестесі:

    Сәрсенбі, жұма, жексенбі

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Маслиенко Елена Викторовна

    +7 775 615 97 16

    Insta: teatr_tantsa_vremya

    Маслиенко Елена Викторовна

  • «ДО`STAR» ЗАМАНАУИ ВОКАЛ МЕКТЕБІ

    Жетекшісі:

    Сеитова Гүлмира Серікбайқызы – «Мәдениет саласының үздігі»

    «До`STAR» вокал студиясы – әр баланың вокалдық қабілетін дамытып қана қоймай, сахнада өзін еркін ұстауға, сахнада сенімді өнер көрсетуге баулитын шығармашылық орта. Студия 2016 жылы шағын вокал сыныбы ретінде құрылған. Бүгінде шәкірттер республикалық және халықаралық вокалдық байқауларға, тележобалар мен түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, үлкен сахнада тәжірибе жинап, жүлделердің иегері атануда.

    Студиядағы негізгі бағыттар:

    • вокалдың негізгі бағыттарын меңгеру;

    • дауыс қою және вокалдық техниканы дамыту;

    • дұрыс тыныс алу және дауыс мүмкіндігін тиімді пайдалану;

    • дикция мен сөз мәнерін жетілдіру;

    • сахна мәдениеті және сахнада өзін еркін ұстау;

    • орындаушылық шеберлік пен сахналық образды қалыптастыру;

    • көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын дамыту.

    Студия шәкірттері «Бақытты бала», «Бозторғай», «Жас қанат», «Қазақстан дауысы. Балалар», «Славян базары. Балалар», Халықаралық Дельфий ойындары және басқа да республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

    «До`STAR» – әр қатысушының дауысын ашып, сахнаға деген сенімін қалыптастыратын орта.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, бейсенбі, сенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Сеитова Гүлмира Серікбайқызы

    +7 701 492 8299

    insta:dostarvocal

    Сеитова Гүлмира Серікбайқызы

  • «М-АРТ» ТЕАТР СТУДИЯСЫ

    Жетекшісі:

    Грабовская Светлана Васильевна

    «М-АРТ» – театр студиясы 2015 жылы «Жастар» сарайының жанынан құрылды. «М-АРТ» – Мәскеу қаласында өткен «АРТ-Лицей» театр фестивалінің лауреаты, әрі Гран-при иегері. Студия қалалық, республикалық және халықаралық байқаулар мен конкурстарға тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Тәрбиеленушілер актерлік шеберлігін шыңдап, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында, театр студиясының танымал әрі үздік түлектері – А. Молочко, Я. Мелехина, А. Фетисов және басқа да өнер өкілдері шеберлік сабақтарын өткізеді.

    «М-АРТ» театр студиясына келген әр бала болашақта қойылым қоюға, шоу-бағдарламаларға және түрлі шығармашылық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады. Театр студиясындағы сабақтар – тек актерлік шеберлікті шыңдау ғана емес, қоғамда өзін ұстау, жаңа достар мен таныстықтар және өнерді сезініп, сахнада сенімді болуды үйретеді.

    Театр студиясындағы негізгі бағыттар:

    • Актерлік шеберлік;

    • Сөйлеу тілін дамыту;

    • Тыныс алу және дауыс қою;

    • Шешендік өнер;

    • Сахналық қозғалыс;

    • Сахналық бейне;

    • Шеберлік сабақтары.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, бейсенбі, сенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Грабовская Светлана Васильевна

    8 708 588 38 81

    Insta: studya_m_art

    Грабовская Светлана Васильевна

  • «ЖАСТАР» СКАУТТЫҚ КЛУБЫ

    Жетекшісі:

    Ефимович Александра Сергеевна

    «Жастар» скауттық клубы – балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына бағытталған бірегей орта. Балалар қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, өз бойындағы күш-жігерін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын дамытады. «Жастар» клубы – бұл тек қызықты уақыт қана емес, болашаққа негіз болатын маңызды тәжірибе. Балаңыздың бойындағы көшбасшыны бірге тәрбиелейік.

    «Жастар» скауттық клубынан балалар:

    · жұмсақ дағдылар (soft skills);

    · қоғаммен қарым-қатынас және әлеуметтік бейімделу;

    · жауапкершілік пен көшбасшылық қабілет;

    · физикалық төзімділік пен шынығу дағдыларына ие болады.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Ефимович Александра Сергеевна

    +7 702 507 0017

    Insta: scoutclubastana

    Ефимович Александра Сергеевна

  • «А3» БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ СТУДИЯСЫ

    Жетекшісі:

    Батталова Гүлшат Мұхамедиярқызы

    «А3» бейнелеу өнері студиясы – балалар мен жасөспірімдерге сурет салу және кескіндеме арқылы өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін шығармашылық кеңістік. Сабақ барысында оқушылар бейнелеу өнерінің негіздерімен танысып, түрлі материалдар мен көркемдік тәсілдермен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар қиялын, көркемдік талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.

    Студия тәрбиеленушілері шығармашылық байқауларға, көрмелерге және түрлі көркемдік іс-шараларға белсенді қатысады. Студия оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бейіндік оқу орындарына түсуге дайындауға бағытталған.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, сәрсенбі, сенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Батталова Гүлшат Мұхамедиярқызы

    +7 702 248 41 55

    Insta: aaaartst

    Студия тәрбиеленушілері шығармашылық байқауларға, көрмелерге және түрлі көркемдік іс-шараларға белсенді қатысады. Студия оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бейіндік оқу орындарына түсуге дайындауға бағытталған.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, сәрсенбі, сенбі.

    Толық ақпарат алу үшін:

    +7 702 248 41 55

    Батталова Гүлшат Мұхамедиярқызы

  • «ДУЛЫҒА» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ

    Жетекшісі:

    Бертісов Жігер Талғатұлы

    «Дулыға» – қазақтың қасиетті қара домбырасын дәріптеп, жас ұрпаққа ұлттық өнердің құндылығын үйрететін шығармашылық орта. Мұнда балалар тек домбыра тартуды ғана емес, ұлттық өнерді сезінуді, сахнада мәдениетін және қазақтың рухани мұрасын құрметтеуді үйренеді.

    Ансамбльдің негізгі бағыттары:

    Қазақтың дәстүрлі күйлері мен әндері;

    Сахналық мәдениет пен орындаушылық шеберлікті дамыту;

    Шығармашылық қабілет пен өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

    «Дулыға» – домбыра үнімен ұлттық рухты жаңғыртатын өнер ордасы.

    Жұмыс кестесі:

    Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Бертісов Жігер Талғатұлы

    8 701 158 22 08

    8 707 558 22 08

    «Дулыға» – домбыра үнімен ұлттық рухты жаңғыртатын өнер ордасы!

    Жетістіктері

    Республикалық, халықаралық сайыстардың лауреаты.

    Жұмыс кестесі:

    Аптасына 2 рет өткізіледі.

    Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Бертісов Жігер Талғатұлы

    8 701 158 22 08

    8 707 558 22 08

  • АРМРЕСТЛИНГ

    Жетекшісі:

    Алимжанов Еркін Кайнуллдинұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері

    «Жастар» спорттық армрестлинг секциясы – күш пен жігерді шыңдап, жас спортшыларды биік белестерге бастайтын спорттық орта. 2024 жылы «Жастар» сарайының бастамасымен құрылған секцияны халықаралық санаттағы төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Еркін Алимжанов басқарады. Армрестлинг – күшті ғана емес, төзімділік, тәртіп, ерік-жігер мен табандылықты талап ететін спорт. Секцияда әр қатысушы өз мүмкіндігін шыңдап, жеңіске ұмтылуды және спорттық рухты қалыптастырады.

    Аз уақыт ішінде секция спортшылары халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізді: әлем чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Сүлейман Нұрбаев, әлем чемпионатының жүлдегері, екі дүркін күміс жүлдегер Анель Сыздықова және Азия кубогының иегері Әмір Қуанышұлы – осы еңбектің нәтижесі.

    Жұмыс кестесі:

    Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Алимжанов Еркін Кайнуллдинұлы

    +7 701 835 78 88

    Алимжанов Еркін Кайнуллдинұлы

  • «КӨҢІЛ САЗЫ» ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ

    Жетекшісі:

    Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші, композитор

    Домбырашылар ансамблінің негізгі мақсаты – оқушыны сахна мәдениетіне баулып, жеке орындаушы ретінде және ансамбльмен сахнаға шығуға дағдылау. Әл-Фараби бабамыздың музыка, этика, эстетика, риторика, логика бойынша тәрбиелеу жолын ұстанады.

    «Көңіл сазы» ансамблі – тарихы мен өзіндік дәстүрі қалыптасқан, құрылғанына 4 жылдан астам уақыт болған шығармашылық ұжым. Ұжымдағы сабақтар балалардың музыкалық қабілетін, сахналық шеберлігін, аспапты еркін меңгеруге және тәртібі мен өзіне деген сенімін дамытады.

    «Көңіл сазы» ансамблі – қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың, фестивальдердің, концерттер мен мәдени іс-шараларға қатысады.

    Жұмыс кестесі:

    Сейсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі.

    Барлық сұрақтар бойынша:

    Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы

    +7 778-807-01-26

    Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы