Skip to main content

Тарихы

«Жастар» Сарайы» елорданың мәдени көрінісінің ажырамас бөлігі, дәстүр мен заманауи шығармашылық тоғысқан тарихи нысандардың бірі.

Ғимарат 1974 жылы пайдалануға беріліп, ал 1975 жылы 20-наурыз күні «Жастар» сарайы» болып салтанатты түрде жарияланып, пайдалануға берілді.

«Жастар» сарайының» бастапқы жобасы ХХ-ғасырдағы эксперименттік кеңестік сәулеттің жарқын үлгілерінің бірі болып саналады. Жобаның авторлары – сәулетші Анатолий Полянский, Кирилл Миронов және инженер Циля Нахутина. Ал Василий Тоскин нысанның салынуына әрі жобаның Целиноград жағдайында жүзеге асуына толыққанды атсалысты. Сәулетшінің айтуынша, ғимараттың негізгі көлемі сегіз тірекке сүйеніп, күрделі геологиялық жағдайға байланысты ерекше конструктивтік шешіммен салынған.

Киноконцерт залында танымал кинофильмдер, атап айтсақ, «Сұлтан-бейбарыс», «Батыр баян», «Игла», «Станция любви» және басқа да фильмдердің көрсетілімі өткен.

2012 жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.