Skip to main content

«Жастар» сарайы туралы

Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» Сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны елордамыздың көне архитектуралық құрылымдарының бірі болып саналады. Ол әлі күнге дейін өзінің үйреншікті дәстүрін сақтап келеді: қаламыздың жастарын тәрбиелеу және оларды дамытуға қатысты мәдени демалысты ұйымдастыру, білім беру секілді міндеттерін қалтқысыз орындауда.

«Жастар» Сарайын» басқа мәдениет нысандарынан ерекшелендіретін басты сипат – оның сәулеттік шешімі. Мәдениет, өнер, және спорт бағыттарын бір ғимаратта үйлесімді біріктіруі.

«Жастар» Сарайының» концерттік залы – ірі іс-шаралар, концерттік бағдарламалар мен шығармашылық жобалар өтетін маңызды сахна ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, спорт кешенінде бассейн, спорт залдар мен секциялар өз жұмысын атқаруда, балалар мен ересектерге арналған жаттығулар үнемі ұйымдастырылады. Осы үйлесім – «Жастар» Сарайын» өнер мен спортты қатар дамытатын, елорданың мәдени және қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар бірегей кеңістікке айналдырады.

Қазіргі таңда «Жастар» Сарайында» түрлі бағыттағы, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істеуде. Барлық қызметкерлер саны – 353, оның ішінде – «Астана» эстрада симфониялық оркестрінде – 79; «Терра» би театрында – 25; «Go symphony» оркестрінде – 90.

«Жастар» Сарайы» күн сайын 2000-нан астам адамды қабылдап отырады. Бұл шығармашылық, спорт және жастардың дамуы үшін қолайлы заманауи кеңістік, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар бұқаралық іс-шараларды өткізетін орталық.

«Жастар» Сарайының» қазіргі инфрақұрылымында:

- 1-қабаттың фойесі - ауданы – 1069 ш.м., онда түрлі іс-шаралар (көрмелер, жәрмеңкелер және т. б.) өтеді. Мұнда (2) гардероб (850 адамға арналған) орналасқан.

- 2-қабаттың фойесі - ауданы – 1098 ш.м. - көрмелер, акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, дәрістер, балаларға, балалар үйірмелері, жаңажылдық шыршалар ұйымдастырылады.

- Киноконцерт залы - ауданы – 986,2 ш. м., отыратын орындар – 820, сахна өлшемі - 20 × 10 м - концерттер, спектакльдер, фестивальдар, байқаулар, семинарлар, есеп беру кездесулері, дайындықтар, дәрістер және т. б.

- Бассейн – өлшемі - 25× 2, көлемі - 800 текше метр, жүзу жолдарының саны - 5, жүзуді үйрету, жарыстар, халықты сауықтыру.

- Спорт залы - ауданы – 578,5 ш. м., 265 отыратын орын – жарыстар, чемпионаттар, флешмобтар, дайындықтар, фестивальдар, шағын футбол, волейбол, баскетбол және т. б. бойынша түрлі балалар мен ересектер спорт үйірмелерінің жаттығулары.

- Жазғы спорт залында волейбол, теннис және баскетбол ойнауға барлық қажетті жағдай жасалған.

«Жастар» сарайы» ұсынатын мүмкіндіктер және қызметтер

· Іс-шараларды қызықты әрі креативті етіп ұйымдастыру

Концерттер, фестивальдер, мерекелік кештер мен ауқымды мәдени іс-шараларды кәсіби деңгейде ұйымдастыру: ең алғашқы бастамадан бастап сценарий, режиссура және сахналық шешімдерге дейін.

· Кәсіби концерт алаңы

Кәсіби сахнасы мен концерт залы түрлі форматтағы мәдени іс-шараларды, шығармашылық жобалар мен қойылымдарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

· Шығармашылық ұжымдар мен өнер бағыттары

Вокал, би, театр, аспаптық музыка және бейнелеу өнері бағыттарындағы шығармашылық ұжымдар балалар мен жастардың өнерге деген қызығушылығын дамытып, сахналық тәжірибесін қалыптастырады.

· Шығармашылық жобаларды жүзеге асыру

Авторлық жобалар, концерттік бағдарламалар, мәдени-білім беру бастамалары мен шеберлік сабақтарын әзірлеуге және өткізуге арналған шығармашылық орта.

· Спорт және сауықтыру мүмкіндіктері

Бассейн, спорт залы және спорттық кеңістіктер, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.