Кәсіби ұжымдар
«Жастар» Сарайында» 3 кәсіби ұжым жұмыс істейді:
-
«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі
«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрін 79 жоғары деңгейдегі кәсіби музыканттар құрап отыр. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Ержан Ақжанұлы Исин. Бас дирижёр – маэстро Қасым Фархадұлы Айтбаев, дирижёр – Алиби Құттымбетұлы Абдинуров.
«Астана» эстрадалық-симфония оркестрі – бұл әртүрлі жанрдағы отандық және шетелдік композиторлардың ең үздік джаздан бастап, классикаға дейін орындайтын әмбебап шығармашылық ұжым.
Оркестрдің негізгі міндеттерінің бірі – джаз, классикалық және халық музыкасын насихаттау, сондай-ақ еліміздің композиторларымен, әншілерімен, аспапшыларымен және алыс-жақын шетел орындаушыларымен белсенді шығармашылық ынтымақтастық орнату.
Ұжым 2000 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Александр Рефатович Аблаевтың бастамасымен құрылды. Оның сөзсіз еңбектерінің бірі – ұжымның шығармашылық тұрғыдан қарқынды дамуына және өнердегі биік белестерді бағындыруына қосқан зор үлесі. Жылдар бойы оркестр өзіндік қайталанбас, көрерменге бірден танылатын шығармашылық стилін қалыптастырып, эстрадалық және академиялық музыка саласында кәсіби музыканттар арасында жоғары беделге ие болды.
Эстрадалық және классикалық өнердің танымал көшбасшылары, КСРО және ҚР халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Әлібек Дінішев, Иосиф Кобзон, Лев Лещенко, Сергей Захаров, Нұрғали Нүсіпжанов, Игорь Бутман, Нұрлан Өнербаев, Әйман Мұсақожаева, Лариса Долина, Роза Рымбаева, Нагима Ескалиева, Алтынбек Қоразбаев, Нұржамал Үсенбаева, Лаки Кесоглу, Мақпал Жүнісова, Ринат Ибрагимов сынды жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсеткен.
Оркестр Қазақстан өнерін халықаралық деңгейде таныстырып, Түркия, Ресей және басқа да елдердің ең ірі сахналарында (соның ішінде Кремль сарайында және П. И. Чайковский атындағы концерт залында) өнер көрсеткен.
Оркестр Канат Ахметов, Александр Беляков, Артур Оренбургский сияқты белгілі дирижерлермен, сондай-ақ «Астана-Опера» театрының танымал солистері Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин, Азамат Желтыргузов, Айгүл Ниязова, Мария Мудряк, Майра Мұхамедқызы және профессор С. И. Тоқпановпен ынтымақтастықта болған.
Оркестрмен бірге «Дос-Мұқасан», «МузАРТ», «А-Студио», «Жігіттер», «Кватро», «Бәйтерек», «Nomad Jazz Sound», «Агата Кристи» сияқты танымал қазақстандық және ресейлік топтар, сондай-ақ классика, джаз және эстрада жанрындағы көптеген әйгілі әртістер өнер көрсеткен.
Ержан Исин – Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері.
Фархад Қасым – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Алиби Абдинуров – Мәдениет саласының еңбек сіңіргер қайраткері.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Ержан Ақжанұлы Исин
-
«Терра» би театры
«Терра» би театрын 25 жоғары деңгейдегі кәсіби бишілер құрап отыр. 2006 жылы «Терра» би театры Дильбар Садыковна Амирова жетекшілігімен құрылған. «ТЕРРА» би театры – ұлттық хореографияның көркемдік дәстүрін заманауи сахналық шешімдермен сабақтастырып, би өнерінің мүмкіндігін кеңейтіп келе жатқан кәсіби шығармашылық ұжым. Театр репертуары Қазақстан халықтарының шынайы халықтық билерімен қатар, ұлттық нақыштағы стильдендірілген композицияларды, классикалық хореографиялық қойылымдар, заманауи және лирикалық миниатюраларды, сондай-ақ модерн мен неоклассика бағыттарын қамтиды.
Ұжымның шығармашылық ізденісінің басты ерекшелігі – әр қойылымда ұлттық болмысты, сахналық пластиканы және заманауи хореографиялық тілді үйлесімді ұштастыра білуі. Осы арқылы «ТЕРРА» көрерменге биді тек қимыл өнері ретінде емес, музыка, эмоция, образ және сахналық мәдениет тоғысқан тұтас көркем дүние ретінде ұсынады.
Театрдың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті отандық және халықаралық хореографиялық ортамен тығыз байланысынан да көрінеді. Ұжым Қазақстанның әр өңіріндегі, сондай-ақ Мәскеу, Тбилиси, Ташкент, Киев, Набережные Челны, Лос-Анджелес, Нью-Йорк сынды мәдени орталықтардағы балетмейстерлермен жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтаған.
«ТЕРРА» ел көлеміндегі маңызды мәдени-көпшілік және мемлекеттік іс-шаралардың тұрақты қатысушысы ретінде кәсіби сахна мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Театрдың эстрада жұлдыздарымен, танымал вокалистермен, аспапшылармен және кәсіби оркестрлермен бірлескен шығармашылық жобалары ұжымның әмбебап мүмкіндігін айқындай түседі.
Бүгінде «ТЕРРА» – сахна мәдениеті қалыптасқан, өзіндік шығармашылық қолтаңбасы бар, түрлі хореографиялық бағыттарды еркін меңгерген және көрерменге жоғары көркемдік деңгейдегі қойылымдар ұсынатын кәсіби би театры.
Дильбар Амирова - ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

Театр жетекшісі – Дильбар Садыковна Амирова
-
«GO SYMPHONY» оркестрі
«GO SYMPHONY» оркестрін 90 жоғары деңгейдегі кәсіби музыканттар құрап отыр. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Ренат с Гайсин. Бас дирижёр – Тауекел Мусанов, дирижёр – Әлішер Қасқырбай.
«GO SYMPHONY» – өнерге жаңа тыныс әкелген жас әрі талантты музыканттардың басын біріктіріп, классикалық музыканы заманауи музыкалық бағыттармен шебер сабақтастыратын мультижанрлы оркестр.
Ұжым классикалық оркестрлік дәстүрді заманауи музыкалық үрдістермен үйлестіре отырып, тыңдарманға жаңа форматтағы музыкалық әсер ұсынады. Әртүрлі стильдер арасындағы шекараны кеңейтіп, дәстүрлі оркестр ұғымына жаңа мазмұн мен заманауи сипат қалыптастыру – ұжымның шығармашылық бағытының өзегіне айналған.
«GO SYMPHONY» жаңа музыкалық форматтарды игеру арқылы оркестрлік өнердің тың мүмкіндіктерін ашып, түрлі аудиторияның талғамы мен қызығушылығына жауап беретін концерттік жобаларды жүзеге асырады. Ұжымның басты мақсаты – оркестрлік музыканы кең аудиторияға, әсіресе жас буынға жақындатып, оның заманауи мәдени кеңістіктегі маңызын арттыру. Осы бағытта шығармашылық ізденіс пен технологиялық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, концерттік қызметтің жаңа үлгілерін қалыптастыруға мән береді.
Ренат Гайсин – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері.
Заңғар Мүбәраков – Мәдениет саласының үздігі.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Ренат Гайсин