Skip to main content

Комплаенс қызметі туралы

«ЖАСТАР» САРАЙЫ» МКҚК-НЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс-қызметтің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ ұжымда адалдық, әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген мәдениетті қалыптастыру.

Комплаенс-бақылаудың негізгі міндеттері:

• Күнделікті шаруашылық қызметте, мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алу салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды барынша азайту;

• Кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, корпоративтік әдеп нормаларын және белгіленген шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету;

• Мүдделер қақтығысын реттеу және өкілеттіктерді теріс пайдалануға әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеу;

• Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі шараларды іске асыру;

• Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау

Егер сізге «Жастар» сарайы» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық фактілері, әдеп нормаларының бұзылуы, бопсалау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе мүдделер қақтығысының туындауы туралы белгілі болса, төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласуға болады:

• Комплаенс-офицердің телефоны: +7 (705) 231 33 36

• Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

• Жазбаша өтініштер жәшігі: «Жастар» сарайы» ғимаратының 1-қабатында орналасқан (Астана қаласы, Республика даңғылы, 34)

• Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірыңғай Call-орталығы: 1424 (қоңырау шалу тегін)

Ескерту: келіп түскен барлық өтініштердің құпиялылығы мен өтініш берушінің анонимдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Комплаенс-офицер – Ағайдаров Қайырбек Сәдибекұлы